20.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Паралимпиада жүлдегерлеріне пәтер сыйланды

Дзюдодан паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек пен күміс жүлдегер Ерғали Шамейге Астана әкімдігінен баспана сыйға тартылды, деп хабарлайды sport plus Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмарал Науатбек үш бөлмелі баспанаға сертификатпен 30 млн теңге мөлшерінде сыйақы алды. Ал оның бапкері Айдың Анапин 10 млн теңге сыйақы алды.

Ерғали Шамейге екі бөлмелі баспана мен 25 млн теңге сыйға тартылды. Ал оның бапкері Дәурен Оразовқа 7 млн теңге берілді.

Сыйақылар демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылған.