11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев Қазақстан рекордын орнатты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев Қазақстан рекордын орнатты

Тараз қаласында тірек-қимыл аппараты, көру және интеллектуалдық даму мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының VII спартакиадасы басталды. Аталған жарыстың жарқын сәттерінің бірі – екі дүркін Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев көрсеткен нәтижесі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Атбасар қаласының тумасы, 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Давид парапауэрлифтингтен 180 келі салмақты көтеріп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.

Дегтярев — Токио-2020 және Париж-2024 Паралимпиада ойындарының чемпионы. Ол – Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін паралимпиада жеңімпазы әрі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Жаңа рекорд туралы ақпаратты Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі растады.