Оқу уақыты: 1 мин

Пара спортшылар универсиадада тағы екі медаль иеленді

IMG 9008

Қысқы универсиада ойындарында еліміздің парашаңғышы Денис Зинов 10 км еркін жүрістен күміс медаль иеленсе, Роман Құрбанов қола медальға қол жеткізді.

«Бұл жетістік еліміздің параспортшыларының қажырлы еңбегін, спортшыларымыздың қайсарлығы мен мықты рухын тағы бір мәрте әлемге паш етті. Екі спортшымызды да жеңістерімен құттықтап, болашақтағы жарыстарда одан да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспін! Барлық спортшыларымызға алдағы сындарда табыс, күш-қуат тілеймін!», — деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Әзірге Ұлттық құраманың қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола бар.