Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Папа Францисктің қайтыс болуына байланысты Италияда футбол матчтары тоқтатылды

Италияда Рим Папасы Францисктің 88 жасында қайтыс болуына байланысты А Сериясының матчтары кейінге шегерілді. Лига басшылығы Пасха дүйсенбісіне жоспарланған төрт ойынды тоқтату туралы шешім қабылдады:

  • «Торино» – «Удинезе»
  • «Кальяри» – «Фиорентина»
  • «Дженоа» – «Лацио»
  • «Парма» – «Ювентус»

Католик шіркеуінің басшысы соңғы аптада инфекциядан емделіп, ауруханада ем қабылдаған. Ол 2013 жылы Бенедикт XVI-дан кейін Ватикан тізгінін қолға алған болатын. Папа Франциск бала кезінен аргентиналық «Сан-Лоренцо» клубының жанкүйері ретінде танылды.

«Бұл қайғы біздің қаламыз бен бүкіл әлемді терең қайғыға батырды. Оның сенімі, қарапайымдылығы, батылдығы мен адалдығы миллиондаған адамдардың жүрегіне жол тауып, оны заманымыздың имандылық бағдары етті», — делінген «Рома» клубының ресми мәлімдемесінде.

Италия футбол қауымдастығы Рим Папасының құрметіне барлық спорттық іс-шаралар алдында үнсіздік жарияланатынын хабарлады.