04.07.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Палмейрас – Челси: Клубтар арасындағы әлем чемпионатына болжам (05.07.2025)

Палмейрас – Челси: Клубтар арасындағы әлем чемпионатына болжам (05.07.2025)

2025 жылғы 5 шілде күні таңғы 06:00-де (Астана уақытымен) АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы «Линкольн Файненшл Филд» стадионында клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында «Палмейрас» пен «Челси» кездеседі. Букмекерлер бұл жұпта ағылшын клубын фаворит санайды, бірақ айырмашылық аса үлкен емес. Келесі кезеңге өту коэффициенттері – «Челсиге» 1.54, «Палмейрасқа» 2.55. Енді командалардың қазіргі жағдайына талдау жасап, болжам ұсынайық.

Палмейрас

«Жасылдар» клубтар арасындағы әлем чемпионатында әзірге жеңілмей келеді. Дегенмен командаға аса күрделі қарсыластар түспеді деуге болады. Топтық кезеңде «Палмейрас» «Портумен» (0:0) және «Интер Майамимен» (2:2) тең ойнап, тек «Аль-Ахлиді» (2:0) жеңді. Плей-оффтың алғашқы кезеңінде олар өз елінің өкілі «Ботафогумен» кездесіп, жалғыз голды тек овертаймда соқты.

Команданың ойыны жақсы жолға қойылған, әрі жекелеген шеберлігі жоғары футболшылар да бар. Алайда алдағы матч — соңғы уақыттағы ең қиын қарсыласқа қарсы өтеді. Сонымен қатар, қорғаушылар Мурило Серкейраның жарақатынан толық айыққаны белгісіз, ал Густаво Гомес пен Хоакин Пикерес дисквалификацияға байланысты матчты жіберіп алады.

Челси

«Көктер» бұл турнирге басты фавориттердің бірі ретінде келді. Себебі құрам тереңдігі өте жоғары және бұл оларға басқа еуропалық клубтарға қарағанда жарысқа тың дайындықпен келуге мүмкіндік берді. Алайда Энцо Марескидің командасында тек негізгі құрам ғана жоғары деңгейде ойнай алады. Оның үстіне, команданың ойыны бірнеше көшбасшының — әсіресе Палмердің — көңіл күйі мен формасына тәуелді.

«Челси» бұл кезеңге де оңайлықпен жеткен жоқ. Топтық кезеңде олар «Фламенгудан» 1:3 есебімен жеңілді. 1/8 финалда ғана «Бенфиканы» овертаймда 4:1 есебімен жеңіп шықты. Алдағы ойында алаңға Кайседо шықпайды — себебі сары қағаздардың шегі толды. Бірақ оның орнын Энцо Фернандес басады деген сенім бар.

Статистика және өзара кездесулер

Бұл екі команда клубтар арасындағы әлем чемпионатында бұрын да кездескен. 2022 жылғы финалда негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталған еді. Ал шешуші голды лондондықтар 117-минутта, екінші овертаймда соқты.

Болжам

«Палмейрас» – «Челси» матчына бұрыш добына (угловые) байланысты болжам ұсынамыз. «Челси» шабуылда флангтарды белсенді қолданады. Вингерлермен қатар, мысалы, Кукурелья секілді қорғаушылар да жиі алға шығады. Бұл ойын стилі қарсылас қақпасына бұрыш доптарының көптеп орындалуына алып келеді. Сондықтан «Челсидің» бұрыш добындағы форасы (0) деген ставка ұсынылады. Коэффициент — 1.62.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!

Узнайте первыми результаты всех футбольных матчей на нашем сайте Страница результатов матча