Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстандық «Тайсон» OCTAGON 73 турнирінде жекпе-жек өткізеді

Өзбекстандық «Тайсон» OCTAGON 73 турнирінде жекпе-жек өткізеді

23 мамырда Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасының кезекті OCTAGON 73 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шара аясында «Тайсон» лақап атымен танымал өзбек жауынгері Жасүрбек Джураев өнер көрсетеді. Лига баспасөз қызметінің ақпараты бойынша оны4 қарсыласы «Қырғыз Риджалы» болады.

Естеріңізге сала кетейік, дебюттік айқасында Джураев танымал қазақстандық актер және жауынгер Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы Одилхон Камоловқа (6-4) ұтылған болатын.