04.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Өзбек дзюдошылары Гранд-Слэм турнирінде командалық есепте рекорд орнатты

Ташкентте өткен дзюдодан Гранд-Слэм турнирінде өзбек дзюдошылары 1 алтын, 3 күміс, 8 қола жеңіп алды. Осылайша Өзбекстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік үштікті түйіндеп, ел тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды 1bol.kz

Айта кетейік, Қазақстан құрама сапынан 20 дзюдошы белдесіп, басым көбі алғашқы айналымнан әрі аса алмады. Ел қоржынына жалғыз қола жүлдені 81 келіде Абылайхан Жұбаназар салып, біздің елдің құрамасы жалпы есепте небәрі 10-орынға табан тіреді.

Айтулы додада жапония елінің спортшылары 5 алтын, 4 күміс, 2 қола медальмен көш бастаса, жүлделі екінші орынды Қытай дзюдошылары иеленді. Олардың қоржынында 2 алтын және 2 қола медаль бар.