24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Овечкин хет-трик жасап, Гретцки рекордына жақындады

«Вашингтон» капитаны Александр Овечкин ҰХЛ тарихында өз атын тағы да айшықтады. 39 жастағы ресейлік шабуылшы «Эдмонтонға» қарсы ойында хет-трик жасап, командасына 7:3 есебімен жеңіс сыйлады.

Овечкиннің голдар саны 1467 ойында 882-ге жетті. Енді оған ҰХЛ-дың басты рекордшысы – Уэйн Гретцкиді қуып жету үшін небәрі 12 шайба қажет.

Биылғы маусымда да капитан керемет формада: 41 матчта 29 гол, 17 нәтижелі пас – жалпы 46 ұпай жинады.