28.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Овечкин Гретцки рекордына жақындай түсті

НХЛ-дің ресми сайтының мәліметінше, Александр Овечкинге алдағы бес ойында алты шайба салу қажет. Егер бұл межені бағындырса, ресейлік шабуылшы Уэйн Гретцкидің гол саны бойынша рекордын жаңарта алады.

«Вашингтонның» 39 жастағы капитаны биылғы маусымда тамаша нәтиже көрсетуде — 56 матчта 60 ұпай жинады (36 шайба, 24 пас), ал пайдалылық көрсеткіші «+19».

Овечкин НХЛ-дің тұрақты маусымдарында 1482 ойында 889 гол соғып, жалпы 1610 ұпай жинады. Қазіргі таңда лига тарихындағы үздік снайперлер тізімінде 1487 ойында 894 голы бар Гретцкиден кейінгі екінші орында тұр.