29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Отандасымыз келесі кезеңге шығады» — журналист Марғұлан Жақып Де Минаурға қарсы матч туралы

«Отандасымыз келесі кезеңге шығады» — журналист Марғұлан Жақып Де Минаурға қарсы матч туралы

29-шы мамырда қазақстандық теннисші Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында австралиялық Алекс Де Минаурмен кездеседі.

Матч алдында спорт журналисі Марғұлан Жақып Sport Pulse порталына өз болжамын айтты:

— Бублик соңғы кездері тек қана шоуға емес, ойынына да жақсы көңіл бөліп жүр. Сондықтан жеңіске жетуге мүмкіндігі жоғары. Грунтта Бублик жақсы ойнай алады. Де Минаурды жеңуге болады деп есептеймін. Сондықтан, тәуекелге бел буып, бұл кездесуде отандасымыз келесі кезеңге шығады деген ойдамын. Соған сенемін.

Кездесу Парижде өтеді және Қазақстан уақыты бойынша шамамен 14:00-де басталады.

Басты сурет: instagram.com/bublik