29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Осы аптада өтетін спорттық жарыстар кестесі жарияланды

Осы аптада өтетін спорттық жарыстар кестесі жарияланды

Туризм және спорт министрлігі 28 шілде — 3 тамыз аралығында өтетін жарыстар кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

28 шілде — 3 тамыз: Әйелдер (юниорлар, қыздар) және еркін күрестен (юниорлар, жасөспірімдер) әлем чемпионаты

Бозкілемде отандық 19 палуан белдеседі.

Өтетін орны: Афина қаласы, Грекия

29 шілде — 2 тамыз: Пара таеквондодан Азия чемпионаты

Жарысқа 6 спортшымыз қатысады.

Өтетін орны: Кучинг қаласы, Малайзия

29 шілде: УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі

«Қайрат» — КуПС (Финляндия)

Өтетін орны: Алматы қаласы, Орталық стадион

31 шілде: УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі

«Зимбру» (Молдова) — «Астана»

Өтетін орны: Кишинев қаласы, Молдова

31 шілде: УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі

«Спарта Прага» (Чехия) — «Ақтөбе»

Өтетін орны: Прага қаласы, Чехия