29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Остапенко Ролан Гарроста Доулхайдты жеңіп шықты

Остапенко Ролан Гарроста Доулхайдты жеңіп шықты

Франция ашық біріншілігінің екінші айналымында латвиялық Елена Остапенко (әлемдік рейтингте 21-орын) америкалық Кэролайн Доулхайдты (WTA рейтингінде 67-орын) жеңді.

Қызу тартыста латвиялық теннисші бірінші сетте жеңілгенімен — кездесу барысын өз пайдасына шешіп, матчты 5:7, 6:3, 6:3 есебімен аяқтады.

Келесі кезеңде Остапенко Елена Рыбакина (11) мен Ива Йович (129) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Үлкен дулыға турнирі Парижде жүлде қоры 56 352 000 еуро болып өтуде — бұл ретте жеңімпаз 2 550 000 еуро мен 2000 рейтингтік ұпай алады. Турнирдің қазіргі жеңімпазы поляк Ига Швёнтек.