28.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Осасуна» «Барселонаға» қарсы ресми шағым түсірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Осасуна» «Барселонаның» қорғаушысы Иньиго Мартинестің қатысуына байланысты Испания футбол федерациясына (RFEF) ресми шағым жолдады. Егер шағым қанағаттандырылса, каталондық клуб үш ұпайынан айырылуы мүмкін.

FIFA ережесіне сәйкес, жарақатына байланысты ұлттық құрама матчына қатыспаған ойыншы халықаралық үзілістен кейінгі бес күн ішінде клубтық матчта ойнай алмайды.

«Осасуна» бұл талапты негізге ала отырып, Мартинестің Испания құрамасына бармағанын дәлел ретінде көрсетіп, RFEF-ке жағдайды ереже бойынша қарастыруды сұрады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!