07.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық Спартакиада ресми ашылды

Орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық Спартакиада ресми ашылды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында орталық мемлекеттік республикалық Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, биылғы бәсекеде 26 мемлекеттік мекеменің қызметкерлері жүлдеге таласып жатыр.

– Бұл жарыстың басты мақсаты — спорт арқылы ұжымдық рухты нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу және мемлекеттік қызметкерлер арасындағы достық пен сыйластықты арттыру. Биылғы додада 20-дан астам командадан 1000-ға жуық қатысушы өзара мықтыны анықтайды. Барлықтарыңызға сәттілік, әділ бәсеке және жарасымды жеңістер тілеймін, — деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин.

Сайысқа қатысушылар 4-7 қыркүйек аралығында волейбол, футзал, қазақ күресі, үстел теннисі, қол күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, 3х3 баскетболдан сынға түседі.