22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Orlando Pride мексикалық жұлдыз Овальені рекордтық трансфермен алды

Orlando Pride мексикалық жұлдыз Овальені рекордтық трансфермен алды

Америкалық Orlando Pride клубы әйелдер футболында жаңа трансферлік рекорд орнатты — команда Tigres UANL-дан мексикалық қанатшы Лизбет Овальені 1,5 миллион долларға алды.

Бұған дейінгі рекорд небәрі бір ай ғана тұрды — ол кезде лондондық Арсенал Ливерпульден канадалық шабуылшы Оливия Смитті бір миллион фунтқа сатып алған болатын.

«Мен нақты мақсатпен келдім — титулдар жеңіп, клубта із қалдыру. Pride-тың жетекші команда болып қалуына көмектесу үшін барымды салуға дайынмын», — деді Овалье.

25 жастағы футболшы NWSL чемпиондарымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды, оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар. Tigres-те сегіз жыл ішінде Овалье 294 ойында 136 гол соғып, 103 нәтижелі пас берді, клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Мексикалық футболшының ұлттық құрама сапында 81 ойын мен 20 голы бар.