11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» жасөспірімдер командасы Мәскеуде өтетін UTLC CUP CUP турниріне қатысады

«Ордабасы» жасөспірімдер командасы Мәскеуде өтетін UTLC CUP CUP турниріне қатысады

14 жасқа дейінгі шымкенттік «Ордабасы» клубының жасөспірімдер футбол командасы 11–17 тамыз аралығында Мәскеуде өтетін беделді халықаралық UTLC CUP турнирінде өнер көрсетеді.

Турнирге сондай-ақ Ресейдің ЦСКА, «Локомотив» және «Спартак» клубтары, Беларусьтің «Динамо» командасы, Сербияның «Црвена Звездасы», Бразилияның «Флуминенсе» және Түркияның «Гезтепе» клубтары қатысады.

Биылғы маусымда «Ордабасының» жасөспірімдер және әйелдер командалары өз лигаларында жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Әйелдер командасы үздік үштік қатарында, ал 17 жасқа дейінгі ұлдар командасы Freedom QJ League біріншілігінде көш бастап тұр.

Клубта жастармен жұмысқа үлкен мән беріледі, ал кейбір жас ойыншылар қазірдің өзінде негізгі құрамға қосылып, тәжірибелі футболшылармен бірге жаттығуда.