Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» жартылай финалға жолдама алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ордабасы» жартылай финалға жолдама алды

Қазақстан кубогының 1/4 финалында «Ордабасы» өз алаңында «Қайратты» 1:0 есебімен жеңіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Жалғыз голды 34-минутта Жоао Паулино соқты. Шымкенттік команда матчтың қалған бөлігінде басымдықты сақтап, жеңісті уысынан шығармады.

Жартылай финалда «Ордабасы» Қызылжармен кездеседі. Петропавлдық ұжым бұл кезеңге өту үшін «Елімайды» жарыс жолынан шығарған болатын.