28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» «Тұранды» ірі есеппен жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ордабасы» «Тұранды» ірі есеппен жеңді

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында Түркістанның «Тұраны» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасысын» қабылдап, тағы да жеңіліске ұшырады. Бұл команда үшін қатарынан оныншы сәтсіз ойын болды.

Бірінші таймда есеп ашылмады. Ал екінші таймда алаңға тыңнан қосылған ойыншылар «Ордабасының» шабуылын күшейтіп, команданы алға жетеледі.

  • 65-минутта қосалқы құрамнан шыққан Артем Наумец есепті ашты.
  • 75-минутта тағы бір алмастырылған ойыншы Дарио Чанаджа есепті 2:0-ге жеткізді.
  • 77-минутта Имнадзе мергендік танытып, есепті ұлғайтты.
  • Негізгі уақытқа қосылған қосымша уақыттың 6-минутында Александр Малый қорытынды нүкте қойды – 4:0.

Осылайша «Тұран» ҚПЛ-да оныншы ойын  қатарынынан жеңілді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!