28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ордабасы ҚПЛ матчында Туранды ойсырата жеңді

Ордабасы ҚПЛ матчында Туранды ойсырата жеңді

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-ші тур матчында Шымкенттік Ордабасы сырт алаңда Туранды 0:4 есебімен ойсырата жеңді.

Командалардың бастапқы құрамы:

  • Туран: Гошев, Құралбаев, Асан, Дүйсенбекұлы, Орынбасар, Дарабаев, Чермель, Назымханов, Перцух, Абзалов, Солодовников
  • Ордабасы: Шайзада, Антич, Тұрсынбай, Малый, Астанов, Кэпэцинэ, Халматов, Сұлтаниязов, Имнадзе, Мораес, Жұмабек

Бірінші тайм қонақтардың басымдылығымен өтті — алайда шымкенттіктер есеп аша алмады. Үзілістен кейін Владислав Наумец алыстан соққы жасап қақпаны дәл көздеді, содан соң Дарио Чанаджия қақпа алдындағы пасты сәтті аяқтады, Лука Имнадзе жалғыз шығып гол соқты, ал соңғы нүктені баспен Сергей Малый қойды.

Матч қорытындысы бойынша Ордабасы 26 ұпаймен турнир кестесінде жетінші орынға көтерілді, ал Туран 11 ұпаймен соңғы орынның алдында қалып отыр.