25.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев ауыр жарақат алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ордабасы» қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев ауыр жарақат алды

«Серый CARDINAL» арнасының мәліметінше, «Ордабасы» мен «Тобыл» арасындағы ойында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев тізе байламын үзіп алған болуы мүмкін.

Матчтан кейін футболшыға алаңнан шығуға «Тобыл» ойыншылары Жаслан Жұмашев, Шохбоз Умаров және Темірлан Ерланов көмектесіп, жедел-жәрдем көлігіне дейін жеткізген.

Айта кетейік, бұған дейін «Ордабасы» сапындағы молдовалық қорғаушы Виктор Мудрак та дәл осындай жарақат алған еді. Ол маусым айынан бері жасыл алаңға шықпай жүр.

Егер диагноз расталса, Жақсыбаев үшін бұл жарақат маусымның негізгі бөлігін жіберіп алуға себеп болуы мүмкін.