24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» Қазақстан жастар құрамасының үш ойыншысымен келісімшартқа отырды

«Ордабасы» Қазақстан жастар құрамасының үш ойыншысымен келісімшартқа отырды

Әли Тұрғанов, Біржан Тоқтыбай және Мағжан Тоқтыбай — «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары атанды.

Қазіргі таңда бұл үш футболшы да Бірінші лигада «Онтүстік Академиясы» сапында өнер көрсетіп жүр.

Бірінші лига аясында Али 9 матчқа қатысты. Мағжан 10 кездесуде гол+пас көрсеткіші бойынша 10 ұпай жинады (6 гол, 4 пас). Ал Біржан сол 10 ойында 6 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

Сонымен қатар, Әли Турғанов пен Мағжан Тоқтыбай Қазақстанның жастар құрамасына шақырту алып жүр. Маусым соңына дейін футболшылар «Онтүстік Академиясының» құрамында қалып, тәжірибе жинауды жалғастырады.