Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» өз алаңына ірі жеңіспен оралды — «Қайсарды» 5:0 есебімен талқандады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ордабасы» өз алаңына ірі жеңіспен оралды — «Қайсарды» 5:0 есебімен талқандады

Шымкенттік «Ордабасы» өз алаңына жеңіспен оралды. Команда 8-тур аясында «Қайсарды» ірі есеппен жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.

Голдар хронологиясы:

  • 18’ — Эвертон есеп ашты — 1:0
  • 33’ — Қайсар ойыншысы Карам Сұлтанов автогол соқты — 2:0
  • 76’ — Виктор Мудрак есепті ұлғайтты — 3:0
  • 84’ — Еркебұлан Тұңғышбаев тағы бір голмен ерекшеленді — 4:0
  • 90+3’ — Сергей Малый нүкте қойды — 5:0

Осы жеңістен кейін «Ордабасы» турнир кестесінде 7-орынға көтерілді, ал «Қайсар» 12-орынға түсіп қалды. Шымкенттіктер енді жоғары орындар үшін шын мәнінде күреске араласуға дайын екендерін көрсетті.