12.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шымкенттің жаңа үміті: Кэпэцинэ «Астанаға» қарсы дебютке дайын

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Шымкенттің жаңа үміті: Кэпэцинэ «Астанаға» қарсы дебютке дайын

«Ордабасы» командасының жаңа ойыншысы, румыниялық жартылай қорғаушы Михай Кэпэцинэ Қазақстан Премьер-лигасының алдағы турында өтетін «Астанаға» қарсы ойынға қатысты пікір білдірді.

— Бізді мықты қарсыласқа қарсы қиын матч күтіп тұр. Конференциялар лигасындағы кездесуден кейін мүмкіндігінше тезірек қалпымызға келуге тырысып жатырмыз. Дайындыққа уақыт өте аз, сондықтан алаңға шығатын сәт келгенде барынша жақсы формада болуға және үш ұпай алуға тырысамыз, — деді ол.

Футболшы үйде өтетін матч пен жанкүйерлердің қолдауының маңыздылығына ерекше тоқталды:

— Біз өз стадионымызда ойнаймыз, бұл біздің ойынымыздан – агрессивті әрі энергияға толы қарсылықтан сезілуі тиіс. Жанкүйерлер бізге қолдау көрсететініне сенімдімін. Олар біздің 12-ойыншымызға айналады. Алға, Орда! — деп атап өтті Кэпэцинэ.

13 шілде күні, сағат 20:00-де, «Ордабасы» мен «Астана» арасындағы маңызды кездесу өтеді.

Еске салайық, 29 маусым күні «Ордабасы» клубы Михай Кэпэцинэмен келісімшартқа қол қойған болатын. Ол бұған дейін «Университятя Крайова» клубында 120-дан астам матч өткізіп, Румыния жастар құрамасына шақырылған. Соңғы маусымда командасы ел біріншілігін үшінші орында аяқтады.