Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» қорғаушысы Шериф Жимо: Бұл шайқаста жеңілдік, бірақ жалпы соғыс әлі аяқталған жоқ

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ордабасы» қорғаушысы Шериф Жимо: Бұл шайқаста жеңілдік, бірақ жалпы соғыс әлі аяқталған жоқ

Кот-д’Ивуарлық қорғаушы Шериф Жимо «Ордабасы» мен «Қайрат» арасындағы матч туралы өз ойымен бөлісті.

«Бұл біз үшін қиын ойын болды. Мақсатымыз – жеңіске жету еді, бірақ ол мақсатқа жете алмадық. Енді бұл ойынды ұмытып, алдағы кездесулерге дайындалу керек. Жанкүйерлерден осындай нәтиже үшін кешірім сұраймыз, оларды қуанту үшін барымызды саламыз. Бұл шайқаста жеңілдік, бірақ жалпы соғыс әлі аяқталған жоқ», – деді ойыншы.

Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» сырт алаңда «Қайраттан» 0:4 есебімен жеңілді.