17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» Конференция лигасында грузиялық клубпен жолығады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ордабасы» Конференция лигасында грузиялық клубпен жолығады

УЕФА Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі «Ордабасының» қарсыласы белгілі болды. Жеребе қорытындысы бойынша шымкенттік клуб Грузияның әйгілі «Торпедо» Кутаиси командасымен кездеседі.

Қос кездесуден тұратын бұл кезеңнің алғашқы ойыны 10 шілде күні Кутаисиде өтеді, ал қарымта матч 17 шілде күні Шымкенттегі «Қажымұқан Мұңайтпасов» атындағы орталық стадионында ойналады.

«Торпедо» Кутаиси — Грузия футболының беделді клубтарының бірі. Команда:

  • 4 мәрте Грузия чемпионы,

  • 5 рет Грузия кубогының иегері,

  • 3 мәрте Грузия суперкубогын жеңіп алған.