Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Ордабасы» қақпашысы «Жетісумен» өткен матч жайлы пікірін айтты

«Ордабасы» қақпашысы Бекхан Шайзада Премьер-лиганың бесінші турындағы «Жетісуға» қарсы ойынға (1:0) қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Премьер-лигада алғашқы жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Барша жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді – сіздердің қолдауларыңыз бізге үлкен күш береді. Сол үшін әрқашан командамен бірге болуларыңызды сұраймын.

Бұл жеңіс бізге жаңа серпін беріп, алдағы уақытта жанкүйерлерімізді қуанта түсетінімізге сенемін «Тұранға» қарсы келесі ойында күтеміз.