30.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ордабасы» еуропалық клубтың үздік ойыншысымен келісімшартқа отырды

28 жастағы Кот-д’Ивуарлық қорғаушы Шериф Жимо мен шымкенттік «Ордабасы» арасында келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2024 жылғы маусымда футболшы Борисовтың БАТЭ құрамында Беларусь чемпионатының 29 матчына қатысып, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді. 2024 жылдың соңында Шериф Жимо жанкүйерлер пікірі бойынша БАТЭ-нің үздік ойыншысы деп танылды. 2015 жылдан 2019 жылға дейін Жимо Кот-д’Ивуар құрамасында ойнады.

Айта кетейік, Шериф Жимовтың қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін екендігі туралы алғашқы ақпарат Беларусь БАҚ-тарында 2024 жылдың соңында пайда болған.