14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ордабасы чемпионат көшбасшысы Астананы ҚПЛ матчында жеңді

Ордабасы чемпионат көшбасшысы Астананы ҚПЛ матчында жеңді

Қазақстан Премьер-Лигасының 16-шы тур матчында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында астаналық «Астананы» қабылдады.

Командалардың бастапқы құрамы:

  • «Ордабасы»: Челедник, Антич, Тұрсынбай, Малый, Астанов, Жақсыбаев, Вакулко, Халматов, Сұлтаниязов, Наумец, Жұмабек
  • «Астана»: Чондрич, Вороговский, Казуколовас, Марочкин, Бартолец, Аманович, Эбонг, Грипши, Камара, Томасов, Чинеду

Ойын тең күреспен өтті — командалар қауіпті сәттерді аз жасады. 67-ші минутта Зикрилло Сұлтаниязов қызыл қағаз алды, бірақ сандық басымдылық та қонақтарға көмектеспеді — 85-ші минутта Эвертон Мораес жеңіс голын соқты.

Бұл кездесуден кейін көш бастаған «Астана» 37 ұпаймен бірінші орында қалды, ал «Ордабасы» 23 ұпаймен жетінші орында тұр.