08.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин: «Жылдам гол матч нәтижесіне әсер етті»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин «Қайраттан» 0:4 есебімен жеңілгеннен кейін өткен баспасөз мәслихатында жылдам голдың матч нәтижесіне әсері туралы пікір білдірді.

«Қазіргі футболда жылдам гол, әсіресе бірінші гол, матч нәтижесінің 70%-ын анықтайды деп ойлаймын. Команда гол соққаннан кейін сабырлы ойнап, қарсыластың қателігін күтеді. «Қайрат» біздің қателіктерімізді тиімді пайдаланып, ойынды өз пайдасына аяқтады. Бірақ, тағы да айтарым, мінез көрсету қажет, гол жібергеннен кейін қолды түсіруге болмайды. Ойыншылар дұрыс қорытынды шығарып, футболдың тек ойын емес, өмір екенін түсінеді деп үміттенемін. Әр эпизодта бар күшіңді салып ойнау керек, сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады», — деді Мартин.