Оқу уақыты: 1 мин

Ордабасы бапкері күтпеген жеңілістен кейін ойыншыларды сынға алды

Ордабасы бапкері күтпеген жеңілістен кейін ойыншыларды сынға алды

Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин КПЛ-дің оныншы турында «Ұлытаудан» 0:1 есебімен күтпеген жеңілістен кейін қатты наразылығын білдірді, деп хабарлайды клуб баспасөз қызметі.

Оңтүстік команданың жаттықтырушысы — турнир кестесінің соңғы жолында тұрған командаға қарсы ойында кейбір футболшылардың көзқарасына ерекше көңілі толмады.

«Алда жаз — күшейту керек. Бізде ойыншылар тобы бар… Егер түсінбесе, егер талаптарды қабылдамаса, онда кейбіреулермен қоштасуға тура келеді. Футбол осындай. Мұнда осы форма үшін, осы клуб үшін, өз абыройы мен қала абыройы үшін күресетіндер қалуы керек. Басқаша болмайды», — деп атап өтті Мартин матчтан кейін.