23.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» академиясы заманауи технологиямен жабдықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ордабасы» академиясы заманауи технологиямен жабдықталды

«Ордабасы» футбол академиясының үш командасына жаңа спорттық бақылау құрылғылары берілді. Бұл құрылғылар жас ойыншылардың физикалық дайындығын, жүрек соғысын және жалпы денсаулығын бақылап, олардың даму динамикасын терең талдауға мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыруға спорттық технологиялар саласында тәжірибелі Sportematica компаниясы қолдау көрсетті. Компания төрт жылдан бері «Ордабасы» клубының негізгі командасымен бірлесе жұмыс істеп келеді және спортшылардың көрсеткіштерін цифрлық форматта бақылауға арналған шешімдер әзірлейді.

Академияға Sportematica тарапынан келесідей құрал-жабдықтар мен қызметтер ұсынылды:

  • заманауи трекерлер мен пульсометрлер;

  • жаттығу, жарыс және медициналық процестерді басқаруға арналған Sportematica Workspace кәсіби платформасы;

  • жүйені енгізу мен пайдалану барысында толық техникалық сүйемелдеу;

  • онлайн оқыту және мамандарға арналған кеңес беру мүмкіндігі.

«Ордабасы» футбол клубы жас ойыншылардың дамуына ерекше назар аударады. Клубтың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге кәсіби өсу үшін заманауи мүмкіндіктер жасап, болашақ чемпиондарды тәрбиелеу.