27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Оразовтың агенті футболшының «Елімайдағы» сәтті дебютіне қуанды

Оразовтың агенті футболшының «Елімайдағы» сәтті дебютіне қуанды

Бельгиялық агент Кен Ван Дейк өз клиенті — Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың семейлік «Елімай» құрамындағы сәтті ойынына қуанышын білдірді.

Рамазан үшін қуаныштымын. Старт. Жеңіс. Екі ассист

Даниялық «Силькеборгта» ұзақ уақыт ойын тәжірибесі болмаған Оразов маусым соңына дейін жалға алу құқығымен «Елімайға» ауысты — бұл трансфер өз жемісін бере бастады.

ҚПЛ-дің 18-ші тур аясында «Жетісуға» қарсы үй матчында футболшы семей клубының негізгі құрамында алғаш рет алаңға шығып, екі нәтижелі пас берді — ойын үй иелерінің 3:0 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.