11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Оралбай Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Оралбай Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта Хорватия елінің өкілі Лука Пратльячичпен өзара мықтыны анықтады.

Үш раунд бойы хорватиялық қарсыласына еш мүмкіндік бермеген отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатында кем дегенде қола медальға ие болды.