13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Оқжетпес» – «Қайрат» матчы кейінге шегерілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Оқжетпес» – «Қайрат» матчы кейінге шегерілді

Көкшетауда 24 тамызда өтуі тиіс Премьер-лигадағы «Оқжетпес» пен «Қайрат» арасындағы кездесу белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Бұл туралы BorodAbata.kz хабарлады.

Шегерудің басты себебі – алматылық клубтың Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне қатысуы. Бұл айналымда «Қайраттың» қарсыласы – Шотландияның атақты «Селтик» клубы.

Алғашқы матч 20 тамыздан 21-іне қараған түні Глазгода өтсе, жауапты кездесу 26 тамыз күні Алматыда ұйымдастырылады.

Қос матчтың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады, ал жеңілген команда маусымды Еуропа лигасының топтық кезеңінде жалғастырады.