17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Оның тұрақсыздығы — басты қауіп» — сарапшы Рыбакинаның Берлиндегі ойыны алдында пікір білдірді

«Оның тұрақсыздығы — басты қауіп» — сарапшы Рыбакинаның Берлиндегі ойыны алдында пікір білдірді

17 маусымда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтетін WTA-500 турнирінің аясында Циньвэнь Чжэнге (WTA рейтингінде 4-орын) қарсы матч өткізеді. Кездесу шөп жамылғысында өтеді, ал бұл Рыбакина үшін жайлы корт — ол мұнда әдетте жоғары деңгейде өнер көрсетеді.

Бұл қос теннисшінің төртінші рет кездесуi болмақ: қазіргі таңда жекелеген кездесулерде есеп 2:1 есебімен Еленаның пайдасына.

«ТеннисДрот» телеграм-арнасының авторы Марк Вислинский Sport Pulse басылымына алдағы матчқа қатысты пікір айтты:

— Бүгінгі матч шиеленісті болайын деп тұр. Еленаның мансабындағы шөптегі жеңіс пайызы — 70%, бұл өте жақсы көрсеткіш. Ресми түрде ол — фаворит. Әсіресе олардың өзара кездесулеріндегі есепті ескерсек. Бірақ соңғы айлардағы тұрақсыздығын да ұмытпау керек — сырқаттар, бапкерлер ауысуы, эмоционалдық тұрақсыздықтар. Мұның бәрі ойынына әсер етеді.
Ал Циньвэнь Чжэн қазір жақсы формада, өзіне сенімді, ойынының тактикасына толықтай сенеді. Сондықтан бұл кездесу соншалықты біржақты бола қоймайды. Егер бәрі тек техника мен статистикаға байланысты болса — мен Еленаның жеңісіне 70% берер едім. Бірақ қазіргі жағдайды ескерсек — 60%-40%. Нәтиже көбіне Лена матчқа қалай кірісетініне байланысты болады.

Кездесу Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.