20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Оңтайлы нәтиже үшін барлық күш — жігерімізді саламыз» — Батырхан Тәжібай «Ордабасыға» қарсы матч алдында

«Оңтайлы нәтиже үшін барлық күш — жігерімізді саламыз» — Батырхан Тәжібай «Ордабасыға» қарсы матч алдында

21 маусымда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда ел біріншілігінің 13-туры аясында көкшетаулық «Оқжетпес» жергілікті «Ордабасыға» қарсы алаңға шығады. Ойын Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.

Өткен турда Андрей Ферапонтовтың шәкірттері сырт алаңда «Астанаға» 5:2 есебімен есе жіберді. Ал «Ордабасы» өз алаңында «Елімаймен» 1:1 есебімен тең түскен.

Турнирлік кестеде көш басында — 13 ойыннан кейін 30 ұпай жинаған «Астана». Одан кейінгі орындарда — «Қайрат» (27 ұпай) және «Ақтөбе» (26 ұпай). Бұл командалар 13 ойын өткізіп үлгерген. Чемпионат басталғалы 12 матч өткізген «Оқжетпес» 20 ұпаймен 5-орында тұр (6 жеңіс, 2 тең ойын, 4 жеңіліс). 11 кездесу өткізген «Ордабасы» — 16 ұпаймен 7-орында (4 жеңіс, 4 тең ойын, 3 жеңіліс).

Матч алдында «Оқжетпестің» шабуылшысы Батырхан Тәжібай Sport Pulse порталына алдағы ойын жайлы пікір білдірді:

— «Ордабасы» командасына қарсы ойын мен үшін ерекше. Өзім — оңтүстік өңірінің тумасымын, бұл команда маған бөтен емес. Бірақ алаңда тек бір мақсат, ол «Оқжетпес» намысын қорғау. Белгілі жағдайға байланысты өкінішке орай өз алаңымызда ойнай алмаймыз, бірақ біз — номиналды қожайынбыз. Көкшетаудан алыс жерде болсақта, жанкүйерлеріміздің қолдауын сеземіз. Қай жерде болмасын, қолдаулары бізге күш береді. «Ордабасы» әрдайым жоғары мақсат пен нәтижеге ойнайтын команда, бірақ біз ешкімнен сескенбейміз. Оңтайлы нәтиже үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!