Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Онел Эрнандес бапкерді сынаған жазбаларға реакциясынан кейін матчқа қатыспады

BBC Radio Norfolk хабарлағандай, «Норвич Сити» футболшысы Онел Эрнандес Чемпионшиптің соңғы турында «Сандерлендке» қарсы өткен матчқа қатысқан жоқ. Бұған оның клуб пен бас бапкер Йоханнес Хофф Торупты сынаған жазбаларға әлеуметтік желіде лайк басуы себеп болған.

32 жастағы кубалық ойыншы 2018 жылдан бері «Норвич» сапында ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол 189 матчқа қатысып, олардың шамамен жартысында қосалқы құрамнан шыққан. Футболшының қазіргі келісімшарты маусым соңында аяқталады, алайда оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар.

Бас бапкер Торуп матчтан кейін бұл жағдайға қысқаша түсініктеме берді:

«Бұл — ішкі мәселе. Сондықтан бұл туралы көп айта алмаймын», — деді ол. Айта кетейік, матч тең есеппен аяқталған.

«Норвич» Чемпионшиптің турнир кестесінде 11-орында тұр. Маусымның аяқталуына бес тур қалған, ал команда плей-офф аймағынан жеті ұпай артта келеді.

Келесі турда «Норвич Сити» екінші орында тұрған «Бернли» командасына қонаққа барады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!