24.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

О’Мэлли: «Шілдедегі кардта болғым келеді»

О’Мэлли: «Шілдедегі кардта болғым келеді»

UFC жұлдызы Шон О’Мэлли алдағы Ақ үйде өтетін турнирге қатысу мүмкіндігі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

АҚШ президенті резиденциясындағы жекпе-жек кеші 2026 жылдың шілдесінде өтеді.

«Егер Сэндхаген Двалишвилиді жеңсе, ал мен келесі жекпе-жегімді ұтсам, біздің кездесуіміз Ақ үйде өте қызық болар еді. Бірақ қалай болғанда да, мен келесі төрт-бес айдың ішінде айқас өткізгім келеді, содан кейін дәл шілдеге дайын боламын. Сол картта болғым келеді», – деді О’Мэлли өзінің YouTube-арнасында.

Айта кетейік, америкалық файтер ММА-да 21 жекпе-жек өткізіп, оның 18-інде жеңіске жеткен. Ал 5 қазанда Кори Сэндхаген Лас-Вегастағы UFC 320 турнирінде грузин спортшысы Мераб Двалишвилимен UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін сарапқа салады.