Оқу уақыты: 1 мин

Оливер Гласнер: «Уэмблиге тек жеңіс үшін барамыз»

Оливер Гласнер: «Уэмблиге тек жеңіс үшін барамыз»

«Кристал Пэлас» бас бапкері Оливер Гласнер Англия Кубогының жартылай финалдық матчы алдында баспасөз мәслихатын өткізді.

Маман құрамдағы соңғы жаңалықтармен бөлісті — Бен Чилуэлл науқастан толық қалпына келіп, ойынға дайын. Бапкерлер штабы негізгі құрамдағы барлық футболшылардың сапта екенін мәлімдеді.

«Уэмблиге барар алдында бәрінің көңіл-күйі жақсы. Біздің мақсатымыз – жеңіске жетіп, финалға шығу», — деді Гласнер.

Неміс маманы әйгілі стадионда ойнаудың маңызы туралы ойымен де бөлісті: «Уэмбли — бай дәстүрге ие Англияның ең үлкен аренасы. Бізді 40 мың жанкүйер қолдайды. Бірақ біз үшін матч өтетін орын емес, нәтиже маңызды — біз тек жеңіс үшін ойнаймыз».

Қарсылас туралы айта келе, Гласнер «Астон Вилланың» соңғы он матчта сегіз рет жеңіске жеткен тамаша формасын атап өтті. Сондай-ақ, ол «Эмирейтстегі» сәтті ойыннан кейін өз командасына сенімді екенін білдірді.