07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Олимпия» бапкері «Қайрат» пен Дастан Сатпаев туралы пікір білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Олимпия» бапкері «Қайрат» пен Дастан Сатпаев туралы пікір білдірді
Словакиялық «Олимпия» клубының бас бапкері Жорже Симау Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы өтетін матчқа байланысты пікір білдіріп, алматылық команданың сапындағы 16 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаевты ерекше атап өтті.

— «Қайрат» чемпионаттың бел ортасында жүргендіктен, ойын тәжірибесі жағынан бізден басым. Біз олардың матчтарын көріп, талдай аламыз, ал олар біздікін — жоқ. Алда қиын кездесу күтіп тұр. Қарсылас шабуылда жылдам қимылдайтын жас шабуылшыға сенім артып отыр. Ол 16 жаста болса да, «Челсимен» келісімшартқа қол қойған. Команда ұзын пасқа және әуедегі күреске көп мән береді, — деді Симау 24ur.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Олимпия» мен «Қайрат» арасындағы Чемпиондар лигасының 1-іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матч 8 шілде күні Люблянада өтеді. Қарымта кездесу 15 шілдеде Алматыда ұйымдастырылады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!