08.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Олимпиакос» Чемпиондар Лигасының матчын өткізу үшін Астанаға келді

«Олимпиакос» Чемпиондар Лигасының матчын өткізу үшін Астанаға келді

Грекиялық «Олимпиакос» футболшылары Чемпиондар лигасының алтыншы турында «Қайратқа» қарсы ойынға Астанаға келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Олимпиакостың» баспасөз қызметі команданың Қазақстан астанасына келген видеосын өздерінің Instagram сториздерінде жариялап, ауа температурасы -4°C деп жазды.

«Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойын 9 желтоқсанда Астанада өтеді.