31.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Олимпиададан төрт рет жүлде алған Әзірбайжан балуаны мансабын жалғастыруы мүмкін

Әйелдер күресінен Олимпиада ойындарынан төрт рет жүлде алған Әзірбайжан балуаны спорттық мансабына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

Этникалық украин, 36 жастағы Мария Стадник былтыр Париже өткен ойындардың іріктеу кезеңдерінде моңғол спортшысына есе жіберіп, жүлдесіз қалған болатын. Енді ол түпкілікті шешім қабылдап, ол туралы жанкүйерлеріне мәлімдейтінін атады.

«Париж Олимпиадасынан кейін көптеген жан менен «Енді не істейсің? Осымен бәрі бітті ме әлде ары қарай жалғастырасың ба?» деп сұраумен келеді. Әзірге менде үзіліс. Себебі маған қайсысы қолайлы екенін жақсылап ойлануым керек. Алдағы уақытта өзімнің түбегейлі шешімім туралы айтатын боламын», — жазды спортшы желіде.

Мария Стадник 1988 жылы 3 желтоқсанда дүниеге келген. 2007 жылға дейін Украина құрамасында өнер көрсеткен. Кейін ол құрамада 48 келіде №2 балуан болуына байланысты Әзірбайжан азаматтығын алып, сол елдің атынан өнер көрсете бастады. Спортшы Бейжің және Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанса, Лондон және Рио Олимпиадаларында финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, балуан әлемнің екі дүркін, Еуропаның 10 мәрте жеңімпазы. Бұдан бөлек, Еуропа ойындарының екі рет чемпион атанған.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!