Оқу уақыты: 1 мин

Олимпиада жүлдегерлеріне уәде етілген сыйақы әлі төленген жоқ

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Олимпиада жүлдегерлеріне уәде етілген сыйақы әлі төленген жоқ

2024 жылғы Олимпиада ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар сыйақыларын әлі күнге дейін ала алмай жүр. Бұл туралы қола жүлдегер Назым Қызайбай мәлімдеді.

Олимпиададан кейін сегіз ай өтсе де, спортшыларға тиесілі төлемдер толық берілмеген. Қызайбайдың айтуынша, оларға «1-2 ай ішінде бәрін аударамыз» деп уәде берілгенімен, бұл сөз орындалмаған.

Ресми органдар әзірге бұл мәселе бойынша түсініктеме бермеген.