13.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Олимпиада жүлдегері Қызайбай Сербиядағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sportnews.kz.

48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық спортшы — турнирдің 1/8 финалында словакиялық Николь Дурикованы айқын басымдықпен жеңді. Жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

Алғашқы жекпе-жекті үш күн күту оңай болған жоқ. Алғашқы екі раундта қарсыласымды шаршатқым келді, ал үшінші раундта қарқынды үдеттім. Бұл бірден өз жемісін берді. Қарқынды үдеткенде, қарсыласыма есеп ашылды. Әрине, басқа спортшыларымыздың жекпе-жектерін де қадағалап отырмын, турнирде Қазақстанның әрбір өкілін қолдап отырмын, — деді жеңістен кейін Қызайбай.