05.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Олимпиада чемпионы италиялық боксшыны қазақстандыққа құрметсіздігі үшін сынға алды

Олимпиада чемпионы италиялық боксшыны қазақстандыққа құрметсіздігі үшін сынға алды

1984 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Маурицио Стекка отандасы Диего Ленцидің Астанадағы World Boxing әлем кубогында қазақстандық Айбек Оралбаймен өткен жекпе-жегінде көрсеткен спорттық емес мінез-құлқын сынға алды, деп хабарлайды Shaiba.kz.

90 килограмнан жоғары салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық кездесуде Ленци төрешілердің бірауызды шешімімен Оралбайға жол берді — осыдан кейін қарсыласымен, жаттықтырушылармен және рефримен қол алысудан бас тартып, рингтен кетіп қалды.

«Құрмет пен спорттық этика жоқ. Қарсыластың мұнда еш кінәсі жоқ. Спортта жеңіс те, жеңіліс те болады. Әскери қызметкердің мұндай мінез-құлық танытуы таңқаларлық», — деп атап өтті Стекка Италия бокс федерациясының парақшасындағы пікірінде.