04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Олимпиада чемпионы гендерлік тест салдарынан 2025 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Олимпиада чемпионы гендерлік тест салдарынан 2025 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Sky Sports мәліметінше, алжирлік Иман Хелиф World Boxing-тің гендерлік тестілеуден өту талабына байланысты Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатына қатыса алмайды.

Лозаннадағы Спорттық төрелік сот спортшының апелляциясын қарап үлгермейді — турнир бүгін ағылшын қаласы Ливерпульде басталады.

World Boxing өткен жылғы Олимпиада ойындарындағы оқиғалардан кейін барлық қатысушыларға міндетті тестілеуді енгізді — сол жарыста Хелиф алтын медаль жеңіп алған болатын.

Айта кету керек, екі жылдай бұрын алжирлік спортшы осындай жағдайға тап болған — сол кезде оны тестостерон деңгейінің жоғары болуына байланысты әлем чемпионатына жібермеген еді.