11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Олимпиада чемпионы Гейбл Стивсон ММА-да дебют жасайды

Олимпиада чемпионы Гейбл Стивсон ММА-да дебют жасайды

Еркін күрестен Олимпиада чемпионы Гейбл Стивсон аралас жекпе-жекте дебют жасауға дайындалуда — спортшы Прайор-Лейк қаласында өтетін LFA 217 турнирінде Брэден Петерсонмен шаршы алаңға шығады.

25 жастағы атлет Олимпиада алтыны мен көптеген күрес титулдарының иегері, аңызға айналған Джон Джонстың командасында тәжірибелі бапкерлер Грег Джексон мен Брэндон Гибсонның жетекшілігімен жаттығуда.

«Сіздер жеңіске құштар және үстемдік етуге дайын әмбебап жауынгерді көресіздер. Күмәнданушылар әрдайым табылады, бірақ мен өз дұрыстығымды іспен дәлелдеуге үйренгенмін», — деді Стивсон.

Спортшының мансабы әсерлі — ол NCAA чемпионы атанған, WWE-де өнер көрсеткен және тіпті NFL-де күш сынап көрген. Алайда қазір Стивсон бір мақсатқа — аралас жекпе-жектен биік жетістіктерге жетуге назар аударғысы келеді.