14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Будапештегі дзюдодан әлем чемпионатына келді

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Будапештегі дзюдодан әлем чемпионатына келді

Sportnews.kz хабарлауынша, олимпиада чемпионы Елдос Сметов дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатқан Будапештке келді.

Атақты спортшының трибунада отырғанын Qazsport телеарнасы Мағжан Шамшадин мен америкалық Дэвид Тереоның белдесуі кезінде — қазақстандық спортшы жеңіске жеткен сәтте көрсетті.

32 жастағы Елдос Сметов бірегей олимпиадалық медальдар жиынтығының иегері — Токиодан қола, Риодан күміс және Париж ойындарынан алтын медаль иеленген.