15.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Олимпиада чемпионы бокстан үш жылға шеттетілді

Олимпиада чемпионы бокстан үш жылға шеттетілді

Өзбекстандық боксшы Лазизбек Муллажонов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін үш жылға шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты спорт24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Халықаралық допинг-тест агенттігінің (ITA) сайтында хабарланды.

Муллажонов 11 маусымда допинг сынамасын тапсырған. Оның сынамаларынан тыйым салынған метастерон затының іздері табылған.

26 жастағы Муллажонов 92 келі салмақта 2024 жылғы Олимпиада чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.