Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Оқжетпес» сырт алаңда жеңіске жетіп, турнир кестесінде жоғарылады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан Премьер-Лигасының 5-туры аясында Жезқазғанда өткен кездесуде «Ұлытау» өз алаңында «Оқжетпес» командасын қабылдады. Матч 0:1 есебімен аяқталып, жеңіс көкшетаулық командаға бұйырды.

Кездесудің 43-минутында «Оқжетпес» ойыншысы Дәурен Жұмат пенальтиден гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Осы нәтижеден кейін «Оқжетпес» 7 ұпай жинап, турнир кестесінде 6-орынға көтерілді.